wrapper

Тел./факс +7 72431 32-428  Email: aarhusorda@gmail.com

Сырбойылық шаруалар күріш егуді қолға алды, деп жазады «24кз». Өңір диқандары 76 мың гектар жерге Сыр маржанын сеппек. Көктемгі дала жұмыстарына тас-түйін дайындықпен кіріскен шаруашылықтар шілде, тамыз айларында болуы мүмкін су тапшылығына алаңдайды.
Дән себуді алғаш болып аймақтың оңтүстік аудандары бастады. Ерте көктемнен топырақ тыңайтып, Жер ананы идіруге кіріскен диқан қауым күздігүні қамба толтырудан үмітті. 
Нұрлан Әбдіраманов, механизатор: 
- Биыл жер баптауы жақсы. Жылдан жылға бәрі жақсы боп келе жатыр. Биыл да өте жақсы болады деп айта аламыз. Өйткені барлық жер тыңайтылып, тыңайтқыштар беріліп жатыр. 
Сыр шаруалары 164 мың гектар жерге егін егеді. Оның 76 мың гектары күріш. Мамандардың айтуынша, биыл Сыр маржаны 7 мың гектардай аз егіліп отыр. Шіліңгір шілдеде су тапшылығы болуы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан суды аз қажет ететін бидай, жүгері мен жоңышқаның үлесі арттырылды. 
Бақыт Жаханов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: 
- Ішкі шаруашылық каналдарды, магистралдық каналдарды жөндеу, гидропосттарды қалпына келтіру, биік жерге су жетпей жатса, су сорғыштарын дайындау жөнінде тапсырма берілген. Сол жұмыстар қазір өз деңгейінде жүргізілуде. Жалпы көктем айы өте жаңбырлы болуына байланысты да қазірден Шардараға 4,8 млрд текше метр су жиналып отыр. Оның үстіне Көксарайға 2,4 млрд текше су жиналып, қазір барлығы 7,2 млрд текше су болып тұр. Енді біздің егістік үшін барлығы 4,1 млрд текше су қажет. Су жеткілікті болады деп есептеп отырмыз. 
Суармалы егістік бойындағы гидротехникалық құрылғылардың 3/2-сі қолданысқа жарамсыз еді. Осы орайда су жеткізуші 30-дан астам канал арнасы тазаланды. Егіс басында тер төккен диқандар мамыр басындағы мейрамдарда да тыным таппай, алдағы айдың ішінде толық тұқым сеуіп, суға бастыруды көздейді.
Последнее изменение Среда, 27 Апрель 2016
Yandex.Metrica
http://www.zoofirma.ru/