wrapper

Тел./факс +7 72431 32-428  Email: aarhusorda@gmail.com

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Қызылорда облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Өңірдегі кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланған жиын барысында жер учаскесін алу және оны пайдалану мәселелері аймақтағы маңызды мәселелердің бірі ретінде көрсетілді. 
Бұл жердегі проблема мынада. Көпшілік жағдайда сұратылған жерлердің бас жоспарға немесе түбегейлі жоспарлау жобасына сай келмеуі өтініш иесіне жер учаскесін беруден бас тартуға себепші болып жатады. Алайда бас жоспарға немесе түбегейлі жоспарлау жобасына өзгеріс енгізу – жергілікті атқарушы органның құзыретіндегі дүние. Тәжірибе көрсеткендей, аталмыш мәселе жиі сыбайлас жемқорлыққа келіп тіреледі, яғни жер учаскесін алғысы келген немесе пайдалану мақсатын өзгерткісі келген кәсіпкерлер таныс іздеуіне тура келеді.
Сондықтан да кездесу барысында жерге қатысты бұл мәселені кәсіпкерлікті дамыту жағынан қарап, мүмкіндігінше бас жоспар мен түбегейлі жоспарлау жобасын өзгертуді қарастыру ұсынылды. 
Мұнымен қоса, кездесу барысында жарнама нысандарына төленетін базалық ставканың көтерілу мәселесі де талқыланды. 
«Біз мына нәрсені ескеруіміз қажет, елімізде шағын және орта бизнес – жұмыс орнымен қамтушылар. Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылушылардың 38 пайызы шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтындар екендігі анықталды. Бұл дегеніңіз 3,2 млн.адам. Сондықтан да кәсіпкерлерге бизнеспен айналысуға мүмкіндік беріп, жан-жақты қолдау көрсету керек. Тәжірибе көрсеткендей, мәселелердің көпшілігін орталықта – Астанада емес, жергілікті жерде де шешуге болады, – деген Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов.– Тағы да айтамын, шағын және орта бизнесті қолдау маңызды. Кәсіпкерлікті дамытуға тежеу болып отырған мәселелерді біздер кәсіпкерлермен бірлесе отырып шешуіміз қажет». 
Қызылорда облысының  кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 
Последнее изменение Суббота, 30 Апрель 2016
Yandex.Metrica
http://www.zoofirma.ru/