wrapper

Тел./факс +7 708 425 5133  Email: aarhusorda@gmail.com

Делдалдың көмегімен істі сотқа жеткізбестен аз күн ішінде бітімгершілікпен шешетін медиация мамандарына арналып З Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі жанынан медиациялық кабинет ашылды.
Аудан әкімдігінің сайты хабарлағандай, Арал ауданында өткен жылы медиаторлардың көмегімен 200-ге жуық іс сотқа дейін оң шешімін тапқан. Қазіргі күні кәсіби түрде медиаторлық қызметпен айналысатын 5 маман бар. 
Өздеріне арнайы кабинет берілгендігіне риза болған медиаторлар аудан басшысына алғысын білдірді.

greenordalogo

Yandex.Metrica